Әлем

Соңғы сәтте мойнына шарф таға салған қыз ажалдан аман қалды

Ағылшын қызға көшеде ер адам тап беріп, 11 рет пышақ салған
Sputnik

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны соңғы сәтте мойнына шарф таға салғанының арқасында жантүршігерлік шабуылдан аман қалған, деп жазады The Mirror.

"Ойнап жүр деп ойлаған" Жас жігіт адамдардың көзінше жантүршігерлік қылмыс жасады

Эссекс графтығы Саутенд-он-Си қаласында 25 жастағы Александра Вигнон қараша айында жұмысқа шығар алдында аяқ асты есіне түсіп, жаңадан сатып алған шарфын мойынына таға салады. Сауда агенті болып істейтін ол бір үйге жақындай бергенде, 24 жастағы Джеймс Томас шабуыл жасап, 11 рет пышақ салып, қашып кеткен.

Арқасына пышақ қадалған науқас дәрігерді күте-күте шаршап, темекі шегуге шықты - видео

Үй иелері жедел жәрдем мен полиция шақырып, зардап шеккен қызға көмектеседі. Дәрігерлердің айтуынша, Александраның мойнындағы жүн шарфтың арқасында пышақ күретамырына жетпей тоқтаған. Қызды бірден ауруханаға жатқызып, хирургтер төрт сағат ота жасап, пышақты алып тастайды.

Томас кейінірек полицейлерге өзі берілді. Ол "біреуді айызы қанғанша пышақтап тастауды" он жыл бойы армандапты. Жігіт кісіге қастандық жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пәтер тонауға келген ұры үйдегі келіншекті зорлап кетті

Вигнон әлі күнге дейін ауруды басатын дәрі-дәрмек ішуге мәжбүр, жүйкесіне зақым келгендіктен, оң жақ бетін сезбейді екен. Дегенмен ол жұмысына оралып, фитнес-бикиниден жарысқа дайындалып жатыр. Денесінде қалып қойған тыртықтарды көрсетуге ұялмайды.

"Оларды жасырғым келмейді. Джеймс Томас өз өміріне балта шапты. Ал менің алға қойған мақсатым өте көп", - деп мәлімдеді ол.

Отағасы әйелін зорлаған қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады