АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
© Sputnik / Владислав Воднев
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған.
2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша магистрілік білім алған.
- 2009-2010 жылдары - Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
- 2010-2012 жылдары - Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі;
- 2012 жылдың 1 ақпанынан 2016 жылдың 28 желтоқсанына дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі.
- 2016-2019 жылдары - Қазақстанның ұлттық экономика министрі;