Өңірлер

Астана мен еліміздің сегіз облысында ескерту жарияланды

Демалыс күндері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жел күшейеді, тағы екі өңірде еріген қар суы тасуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады.

Астанада 3 наурызда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады, ал желдің екпіні 20 м/с.

"Бұрқасын мен қатты жел" Синоптиктер демалыста ауа райы қандай болатынын айтты

Батыс Қазақстан облысында төменнен соққан боран болып, көктайғақ және тұманнан жол жүру қиындайды, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

"Қазақавтожол" ЖШС мәліметі бойынша, Орал – Тасқала ауылы – Ресей шекарасы және Казталовка – Жәнібек ауылы жол учаскелерінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Солтүстік Қазақстанда да ауа райы дәл осындай. Өңірде жауын-шашын мол түсіп, желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында 2 наурызда боран соғып, тұман және көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында көктайғақпен бірге боран болады және желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында, синоптиктердің болжауынша, сенбі күні тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел соғады.

Алматы және Қарағанды облысында еріген қар суы тасуы мүмкін.