Оқиға

Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: біреуі қаза тапқан

Алты тұрғын ауруханаға жеткізілген, арасында 1 және 6 жастағы балалар бар
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Алматы облысында бір отбасында 7 адам иіс газынан уланып, 57 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып қаза тапты 

"2 наурыз күні Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы жер үйде пештің дұрыс жанбауынан 7 адамға иіс тиіп, уланып қалған. Олардың арасында 2013 және 2018 жылы туған балалар бар", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінде 1962 жылы туған ер адам көз жұмған. Төтенше оқиғадан зардап шеккен қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысында бір отбасындағы жеті адам уланып қалды

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың иіс газынан уланып қалуының басты себебі - мұржаның күлге толып, бітеліп қалуы.

Астанада бір отбасының төрт баласы уланып қалды