АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен қаласында 7 жастағы бала үйдің шатырынан құлап, басын тасқа ұрды, деп хабарлайды inaktau.kz.
Ата-анасы ұлдарының үйдің шатырында ойнап жүргенін айтады. Кейін ол төрт метрлік биіктіктен құлап, басын тасқа ұрған.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 2012 жылы туылған бала бас-ми және түрлі жарақаттармен Жаңаөзен қалалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Оның өмірін сақтап қалу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан нейрохирург Ербол Кенжевалов арнайы келген.
Павлодарда бүлдіршін 6-шы қабаттан құлап кетті
"Жарақат алған балаға облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы ота жасап, жарасын тікті. Алайда баланың жарақатына құм-топырақ түсіп кеткендіктен, жарасы іріңдеп, асқынып кетуі де мүмкін", - дейді нейрохирург.