"Бұл күнді қиын кезеңдері өзгелерді өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді", - деген болатын президент Ассамблея сессиясында.
Сөйтіп, Алғыс айту күні қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні болып саналады.
Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі ел тұрғындарынан бұл мереке жайында не білетінін, кімге және не үшін алғыс айтқысы келетінін сұрап білді.
Тағы оқыңыз: Еліміздің танымал адамдары қазақ халқына алғыс айтты