АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифференциалды түрде 30 процентке дейін жүзеге асады. Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі деп болжанып отыр", - деді Шәмшидинова үкімет отырысында.
"Қазіргі кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қызметкерлердің санаттары мен жалақы мөлшерін нақты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді министр.
Айта кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 процентке көбейтуді тапсырған еді.