Өңірлер

"Ел қатарлы тұруға болады": президент ауылдардың әлеуеті жайлы сөз қозғады

Назарбаев үкіметке "Ауыл - ел бесігі" жобасын әзірлеуді тапсырды
Sputnik

Астана, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елді мекендерді дамытуды көздейтін "Ауыл – ел бесігі" жобасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қалай қамтитынын айтты

Елбасы ауыл азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтудың маңызын атап өтті.

"Адамдарға жұмыс берсек, сол жерде қалып, тұрақты еңбек етеді. Бізде шағын несие, тегін кәсіптік білім беретін бағдарлама, жол картасы бар. Мүмкіндік көп. Нақты жұмыс істеу қажет. Тұрғын үй, жол салып, коммуникация тарту қажет, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ауылда да ақша тауып, ел қатарлы тұруға болады. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға болады. Осыған мысал болатын ауылдарымыз бар", - деді мемлекет басшысы Астанадағы "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Қазақстанда атаулы әлеуемттік көмек мөлшері артады

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке "Ауыл – ел бесігі" жобасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, Елбасы алдағы уақытта жол құрылысына 350 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті.

"Бұл 2025 жылға дейін елді 95% жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді президент.

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысы артады

Сөз соңында мемлекет басшысы ауылдарға газ және су құбырларын тарту мәселесін назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтты.

Назарбаев әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы төлеуге тапсырма берді