Экономика

Президент көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қалай қамтитынын айтты

Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы аналарға жалға берілетін тұрғын үйлер салуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент баспанамен қамту және білім мен денсаулық саласындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

"Үкіметке "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар арасынан тұрмысы төмен отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Назарбаев әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды
Бұл мақсатқа алдағы жеті жылда жыл сайын қосымша 50 миллиард теңге бөлінбек. Сонымен қатар, мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, кірісі төмен отбасыларға баспана сатып алудың қолжетімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

"Осы санаттағы азаматтар үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жүйесі арқылы 2-3 процентпен тұрғын үй несиесін ұсынудың жеңілдетілген тетігін әзірлеуді тапсырамын. Бірақ, бұл үшін банкке ақша қажет, сондықтан жыл сайын 50 миллиард теңгеден бөлуді тапсырамын", - деді президент.