Өмірбаяндар

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов туралы қызықты деректер

Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың еңбек өтілі отыз жылдан асады
Sputnik

Өмірбаяны

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов туралы қызықты деректер

Білімі

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, инженер-металлург мамандығының иегері атанды.

Атамқұлов Нығматулинге жауап беремін деп депутаттарды күлдірді

2000 жылы Санкт-Петербург қаласында экономика және қаржы мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, үш баласы бар.

Еңбек өтілі

Атамқұлов еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады.

  • Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары (1986-1991);
  • Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; "Казметаллэкспорт" республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорнының "Черметэкспорт" бас маманы, директоры; "Қазақстан Сауда" сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары (1991-1995);
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов туралы қызықты деректер
  • Теміртау қаласындағы "Қарағанды металлургиялық комбинаты" МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (1995-1996);
  • Кәсіпкерлік қызметпен айналысқан (1996-2006);
  • Мәскеу қаласындағы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі (2006 -2007);
  • Тегеран қаласында Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі (2007-2008);
  • Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы (Германия) (2008-2010);
  • Қазақстанның Малайзиядағы және Филиппин, Индонезия, Бруней-Даруссалам сұлтандығында қоса атқарушы төтенше және өкілетті Елшісі (2010-2012);
  • Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы (10.2012-06.08.2014);
  • Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы (13.08.2014-08.2015);
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (08.08.2015-10.2016);
  • Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов туралы қызықты деректер
  • Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (07.10.2016-26.12.2018);
  • Қазақстанның сыртқы істер министрі (2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап).
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев туралы не білеміз?

    Басқа қызметтері

    • "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (25.12.2012).

    Марапаттары

    • "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалі (2008).

    Ғылыми атағы

    • Экономика ғылымдарының кандидаты.

    Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өмірбаяны

    Қызықты деректер

    • Атамқұловтың 20 жастағы ұлы Диас 2013 жылы маусымда Малайзиядағы Саравак штатының премьер-министрі Пехин Шри Хаджа Абдулла Таиб Махмудтың қарындасына үйленді;
    • Атамқұловтың інісі Мәди (1974 жылы туған) Қазақстан президенті протоколының бастығы.