Елорда тынысы

"Бұл жаза сіздерге аз сияқты!" Астана әкімі бірқатар шенеунікке шара қолданды

Бақыт Сұлтанов бірнеше шенеунікке қатаң сөгіс жариялады
Sputnik

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Астана қаласы әкімдігінің кезекті отырысында елорда басшысы Бақыт Сұлтанов бірқатар шенеунікті жазалады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың денесі табылды

Жиын барысында қаладағы құдықтардың біріне құлап, қаза тапқан жасөспірімнің оқиғасына қатысты уәкілетті тұлғалардың жауапкершілігі туралы сөз болды.

"Өкінішке орай, 19 ақпанда тағы бір қайғылы оқиға болды. 13 жастағы жасөспірім қаладағы ашық құдықтың біріне құлап, қаза тапты. Төтенше жағдай өткендегідей Алматы ауданының аумағында орын алды. Ашық құдық "Астана Су Арнасы" мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі. Осыдан бірнеше ай бұрын жасөспірім қыз дәл осындай жағдайда қайтыс болғанда аудан әкімдеріне қатаң сөгіс жариялаумен ғана шектеліп едік. Бұл жазалау түрі сіздерге аз сияқты болып отыр! Ендеше, Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевқа қатаң сөгіс жариялаймын", – деді қала әкімі.

Астана әкімінің орынбасары тұрғындарға нөмірін берді

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Игорь Алексеевке, "Астана Су Арнасы" МКК директоры Табиғат Зейнулқабденге, кәріз қызметінің басшысы Қуаныш Сұлтанбаев пен Алматы ауданы кәріз учаскесінің басшысы Владимир Власенкоға осындай жаза белгіленді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова да Астана әкімінен сөгіс алды.

"Су мұздай болды" Астанада оқушы құдыққа құлаған баланы құтқарып қалды

Құдықтар қақпағының ұрлануына қарсы қалалық әкімдік көптеген жұмыс атқарып жатыр. Қаладағы барлық құдықтардың тізімі қайта жасалуда. Қақпақтарды полимерлік материалдан, сондай-ақ арнайы торларды полиэтиленнен жасау көзделген.

"Тор құдық қақпағы ұрланған күннің өзінде адамның, жан-жануардың тағы да басқа заттардың түсіп кетуінен сақтайды. Қазір 6 мың құдыққа тор орнатылған", – деп хабарлады отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Астана әкімімен кездесуде зейнеткер үстіне бензин төгетінін айтып қорқытты

Сонымен қатар, Астана қаласының полиция департаменті жүйелі түрде тексеріс, ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бақыт Сұлтанов 19 ақпандағы №2 перинаталдық орталықта болған жантүршігерлік оқиғаны тілге тиек етті. Орталықтың босану бөлімінде келіншек дәрігерлердің көмегінсіз, өзі еденде босанып қалды.

"Абырой болғанда бала мен ананың денсаулығына зиян келмеген. Бірақ, бұл жағдай ерекше бақылауға алынуы тиіс деп ойлаймын. Мұндай оқиғалар жүйесіздіктің салдарынан орын алған", – деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, ол 2018 жылы босану кезінде сегіз әйелдің қайтыс болғанын, оқиғалар саны 2017 жылғы көрсеткіштен төрт есе жоғары екендігін алға тартты.

"Батареяның қасында тұрып босандым": Астана тұрғыны перзентхана дәрігерлеріне шағымданды

"Біздің денсаулық сақтау жүйесінде мұндай бей-берекетсіздік неге болып жатыр?"– деп сұрады қала әкімі Әлия Рүстемовадан.

"Мұндай жағдайдың болғаны рас. Әйел 18 ақпанда перзентханаға түсті. 19 ақпанда оның толғағы күшейе бастаған. Сағат 12-де бөлім меңгерушісі оны қарағанда, босану бөлімінде болған. Жылдам босанды. Ол күні бөлімде 37 әйел сәбиін дүниеге әкелді. Осы уақытта үш акушер төрт әйелді босандырып жатқан болатын. Сондай-ақ, бөлімде күрделі операция жасалып жатты. Оған дәрігерлеріміздің барлығы жұмылдырылған болатын. Не десек те, бұл жағдайда олқылықтар бар", – деді Рүстемова.

Есеп беру кездесуінде астаналықтар әкімді жібергісі келмей шуласты

"Демек, тиісті күш салу керек. Сізге ресми түрде ескерту жасап отырмын. Барлық жүйе бойынша шаралар қолданыңыз. Бұл барлық басқа медициналық мекеме үшін белгі болуы тиіс. Сондай-ақ, барлық денсаулық сақтау нысанының жұмысына мониторинг жүргізіп, штаттан тыс барлық жағдай бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтаңыз", – деді Сұлтанов.

Астана әкімі жаңа әлеуметтік пакетті таныстырды