АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова министрліктегі мәселелердің байыбына бару үшін уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдымен жұмыс істеп бастайық, кейін мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын", - деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.
Осы кезде БАҚ өкілдері жаңа басшыдан министрліктегі проблемалардың байыбына баруға қанша уақыт керек екенін сұрады.
Айта кетсек, 25 ақпанда Қазақстан президентінің жарлығымен Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Ерлан Сағадиевті алмастырды.
Күләш Шәмшидинова 1958 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1979) "Химия оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы қызметі – "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ басқарма төрайымы.