Саясат

Министрдің кандидатурасы келісілді: Сағадиевтің орнына кім келеді?

Мәжіліс жаңа білім және ғылым министрінің кандидатурасын келісті
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары білім және ғылым министрлігіне Күләш Шәмшидинованың кандидатурасын келісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев депутаттардың алдында Сағадиевті мақтады

Бұған дейін білім және ғылым министрлігін Ерлан Сағадиев басқарған еді.

Данияр Ақышев отставкаға кетті

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова 1958 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1979) "Химия оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы қызметі – "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ басқарма төрайымы.

Назарбаев бұрынғы премьер-министр Сағынтаев туралы пікір білдірді