Ерлан Кенжеғалиұлы 1966 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы қаласында туған.
Білімі мен біліктілігі
– 1990 жылы "экономика" мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист – саяси экономияның оқытушысы.
– 1993 жылы Миннесота штатындағы (АҚШ) Миннеаполис қаласы Қолданбалы экономика департаменті Университетін бітірді, ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.
Отбасылық жағдайы
Үйленген. Әйелі – Әйгерім Сағадиева, қызы – Сара Сағадиева.
Ерлан Сағадиев жайлы не білеміз?
© Sputnik / Болат Шайхинов
Еңбек өтілі
- 1990 жылы – Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы.
- 1992 жылдан 1993 жылға дейін – Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінің кураторы.
- 1993 жылдан 1994 жылға дейін – АҚШ-тың Миннеаполис штатындағы Девелопед Технолоджи Рисорста технологиялар маркетингі жөніндегі жобаның жетекшісі.
1995 жылдан 2004 жылға дейін бизнес салаларында басшылық қызмет атқарған.2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін – "Жаңа технологиялар. Қазақстан" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры. 2004 жылдан 2012 жылға дейін – Халықаралық бизнес университетінің президенті. 2008-2009 жылдары – "Инвестициялық қор" АҚ тәуелсіз директоры. 2009-2012 жылдары "Frontier Mining Ltd" директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір уақытта Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болды. 2010 жылдан 2011 жылға дейін –Алматы қалалық өңірлік Қаржы орталығы академиясының директорлар кеңесінің төрағасы. 2011 жылдан 2012 жылға дейін – "Қазақстандық жылжымайтын мүлік" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі. 2014 жылғы 7 ақпаннан тамызға дейін – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2014 жылғы 17 тамыздан 2015 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі. 2016 жылғы 10 ақпаннан 2019 жылғы 25 ақпанға дейін – Қазақстан Білім және ғылым министрі.
Марапаттары
- "Құрмет" ордені (2017);
- "Астананың 20 жылдығы" мерейтойлық медалі (2018).
Ғылыми атағы
Экономика ғылымдарының магистрі