Саясат

Ақышев отставкаға кетті: Ұлттық банкті енді кім басқарады?

ҚР Ұлттық банк төрағалығына премьер-министрдің орынбасары болған Ерболат Досаев келді
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Парламент сенаты Ерболат Досаевты ҚР Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындауды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенаттың отырысында Ұлттық банктің жаңа төрағасын мақұлдау мәселесі қаралды.

"Президент Ұлттық банк төрағасы Данияра Ақышевтың отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасына бойынша сіздерге Ұлттық банк төрағасының кандидатурасын келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. Конституцияның 55-бабына сәйкес Ерболат Досаевты Ұлттық банк төрағалығына тағайындауды мақұлдауларыңызды сұраймын", - деді ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев.

Сенаттың қаржы комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Ерболат Досаевтың экономика және қаржы саласында тәжірибесі мол білікті маман екенін атап өтті. 

Сенаторлар Ерболат Досаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.

Ерболат Досаев туралы не білеміз?

Ұлттық банктің төрағасы отставкаға кетті
Досаев 1970 жылдың 21 мамырында Алматы қаласында дүниеге келді. Ол Алматы қаласындағы энергетикалық институт пен Баумен атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде білім алған.

2014 - 2016 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрі, 2016 жылдың 16 мамырынан "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. 

2017 жылдың тамызынан ҚР премьер-министрінің орынбасары, әрі сол жылдың қазанынан осы күнге дейін Ұлттық банктің басқарма мүшесі болған.