Оқиға

Қызылорданың шетінде жарылыс болды: екі әйел зардап шеккен

Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы құлаған, үйінді астынан 40 және 55 жастағы екі әйел құтқарылды
Sputnik

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Төтенше оқиға сенбі 23 ақпанда Қызылорда қаласының шетіндегі Қарауылтөбе ауылында болған.

Жеке үйде газ баллонындағы ақаудың кесірінен жарылыс болды, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитеті. Оқиға салдарынан үйдің қабырғасы құлап, 35 шаршы метр жерді басып қалған. Бірақ жарылыс салдарынан өрт шықпапты.

Қызылорданың шетінде жарылыс болды: екі әйел зардап шеккен

Үйінді астынан 40 және 55 жастағы екі әйел құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 17 адам мен бес көлік аттандырылған.

Алматыда бір отбасындағы жеті адам уланып қалды

Тағы бір төтенше оқиға 23 ақпанда Қызылорда облысының Қамбаш ауылында болды. №21 мектептен өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндірушілерге 11:24-те жеткен.

Белгілі болғандай, екі шаршы метр жерде мұржаның айналасындағы төбе жанған. Оқиға орнына ең жақын 70 километр қашықтықтағы өрт сөндіру бөлімінен жасақ келіп жеткенше, жергілікті тұрғындар тілсіз жауды өз күштерімен 12:20-да сөндіреді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бастапқы себебі – пешті орнатқанда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау.