Өмірбаяндар

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өмірбаяны

Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз
Sputnik

Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келді.

Білімі

1984 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған;

2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінің қаржы және несие факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген;

Отбасылық жағдайы

Зайыбының есімі – Рима Жансараева. Ол – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің доценті, заң ғылымдарының докторы. Марлен және Марғұлан есімді ұлдары бар.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өмірбаяны

Еңбек өтілі

Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі (1984-1986);

Алматы қаласы ІІБ Алатау аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (1986-1993);

Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы басшысының орынбасары (1993-1995);

Алматы қалалық ІІББ Калинин аудандық ішкі істер басқарма басшысы (1995);

Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы (1996);

ҚР Мемлекеттік салық комитеті салық полициясы бас басқармасында салық тергеулері басқармасының басшысы (1996-1997);

Тағы оқыңыз: Назарбаев министр Қасымовты қызметінен босатты

Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының басшысы (1997);

Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ басшысы (1997);

Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (1997-2000);

ҚР ІІМ 9-департаментінің басшысы (2000-2001);

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы (2001-2002);

ҚР ІІМ 9-департаментінің басшысы (2002 жылдың ақпанынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін);

ҚР ІІМ Криминалды полиция департаментінің басшысы (2002-2003);

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының басшысы (2003-2006);

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өмірбаяны

ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы (2006 жылдың мамырынан 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін);

Алматы қаласы ІІД бастығы (2006-2012);

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары (2012-2019);

ҚР Ішкі істер министрі (2019 жылдың 12 ақпанынан бастап, үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты 25 ақпанда қайта тағайындалды).

Басқа лауазымдары

"ҚазақАтомПром" ұлттық компаниясы" ЖАҚ басқарушы директоры (2001-2002);

Тағы оқыңыз: Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Марапаттары

II дәрежелі "Даңқ" ордені;

II дәрежелі "Айбын" ордені;

III дәрежелі "Александр Невский" (РФ) ордені;

ҚР Ішкі істер министрлігінің Еңбек сіңірген қызметкері;

Ғылыми атағы

Заң ғылымдарының кандидаты.