АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Америкалық жасөспірімнің ерекше түсініктемесі әлеуметтік желілерде жылдам таралып кетті, онда ол үй тапсырмасын неліктен орындамағанын жазған.
Жазбаның суретін Twitter әлеуметтік желісінде оқушының немере әпкесі жариялады, деп жазды Sputnik Беларусь.
Әлеуметтік желіде жарияланған түсініктемеде жас америкалық Эдвард Кортес былай деп жазыпты:
"Менің демалыс күндері үй тапсырмасын орындағым келмейді – бұл достарыңмен бірге қыдырып, теледидар көріп, компьютерлік ойындар ойнайтын уақыт. Үй тапсырмасы мені бақытсыз етеді, сондықтан өз басым қуанышқа бөлейтін нәрселерді ғана істеймін, менің бақытты болғым келеді. Егер сен бастық немесе мұғалім болмасаң, жұмыста саған ешкім үй тапсырмасын бермейді. Мектепте де үй тапсырмасы берілмеуі тиіс, өйткені одан пайда жоқ".
Кортестің түсініктемесі шынайы әрі ашық жазылғаны соншалық, мыңдаған әлеуметтік желі қолданушышысы оған лайк басып, бөлісіп, пікір қалдырған.
Адамдар бала болашақта үлкен жетістікке қол жеткізеді деген пікір білдірді.