Кәсіби хореографтар Еркебұлан және Хадиша Ағымбаева театрдың негізін салды. Бүгінгі таңда театр директоры — Сұлтан Оңғарұлы Сраилов. Директордың орынбасары — Дәмет Қойроллинқызы Серікбаева. Ал бас балетмейстер, театрдың көркемдік жетекшісі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Хадиша Ермекқызы Ағымбаева.
Марапттары мен жүлделері
2001 жылы Орал қаласында өткен Шара Жиенқұлова атындағы ІІ республикалық би байқауының лауреаты атанды. Сондай-ақ, осы жылы I халықаралық "Шабыт" жастар шығармашылық фестивалінің гран-приін иеленді.
2002 жылы Қазақстан жастар одағының, 2003 жылы Новосібір қаласында өткен II халықаралық хореографтар байқауының лауреаты атанды.
2004 жылы Қытайда өткен байқауда "Алтын мүсін" алып, 2017 жылы Грозный қаласында Махмуд Эсамбаев атындағы IX халықаралық фестивальдің лауреаты болды.
Театр штатында 130 қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде шығармашылық құрамда — 65 адам. Шығармашылық құрамдағы екі адам Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын, тағы жеті адам "Мәдениет үздігі" төсбелгісін алған.
Театрда балетмейстер Мейрамгүл Айтмағамбетова, балет әртісі Әлия Атымтаева, труппа жетекшісі Сағит Дүзбаев, Айнагүл Тұрсынова, Аяжан Ұмашева, Мира Байболова, Алмат Шәмшиев, Алтынбек Ермұханов, Акон Рысқалиев, Игорь Горбанев, Зағипа Иманғазиева, Әйгерім Байқарина, Айгүл Танбаева, Гүлнәр Сүттібаева, Асхат Мәден, Зүлфия Мәден, Әлия Әбілқасымова, Александра Беглова, Айдана Дайрабекова, Наталья Леонтьева, Әмина Самарбаева, Марал Темірғалиева сынды өз ісінің шеберлері жұмыс істейді.
"Наз" би театрының гастрольдік сапарлары
"Наз" мемлекеттік би театры Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Театр гастрольдік сапармен көптеген елді аралап, әртүрлі байқауға қатысқан-ды. Ресей, Франция, Бельгия, Қытай, БАӘ, Чехия, Болгария, Катар, Израиль, Украина елдерін аралап, Еуропадағы Worldfestival Parad Brunssum, Нидерландыдағы Warffum және Түркиядағы "Алтын Қарагөз" байқауында өнерін дүйім жұртқа паш етті.
Театр 2012 жылы Катарда өткен жазғы олимпиада ойындарына, 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына, 2012 жылы "Астана 2012 — түркі әлемінің мәдени астанасы", 2012 жылы "Уфа — бірлік пен достық қаласы", сондай-ақ, EXPO-2017 шарасына белсене атсалысты.
Театр жұмысының мақсаты — қазақ ұлттық биін дамытып, ұлттық фольклорды әлемге таныту.