Спорт

Данияр Елеусіновтің туған ағасы қарсыласын 10 секундта сұлатты – видео

Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Бүгін қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (7-0-1, 6 КО) кәсіпқой рингте тоғызыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын қас қағым сәтте нокаутқа түсірді – видео
Дәурен бұл жолы мексикалық Карлос Урреамен (9-25, 4 КО) жұдырықтасты. Мексикалық боксшы үшін бұл кездесу басталмай жатып аяқталды: Елеусінов қарсыласын он секунд ішінде сұлатты.

Төреші Урреаның жекпе-жекті жалғастыруға шамасы келмейтініне көзі жеткеннен кейін, кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске сала кетсек, Дәурен – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы. Данияр да кәсіпқой рингте бақ сынап жүр, оның рекорды – 5-0, 3 КО.