Оқиға

Алматыда пәтер тонауға келген ұры үйде жүрген келіншекті зорлап кетті

Бағалы заттарды алып жатқанда үй иесі үстінен түскен  
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Алматыда бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар ұры ұсталды.

Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды
Полицейлердің айтуынша, 41 жастағы баукеспе үйге тек терезеден кіреді екен. Үнемі қалтасына пышақ салып жүретін болған. Кезекті жорығында бесінші қабаттағы петерге шатырдан түсіп, терезеден кіріпті. Бағалы заттарды алып жатқанда үстінен түскен үй иесін бәкісімен қорқытып зорлаған.

Тағы бір үйді тонау кезінде қожайынды пышақпен жарақаттап қашып кеткен, деп хабарлады КТК.

Үйдегі адамдардан да қаймықпайтын қарақшы қылмыс үстінде қолға түсті. Алматы облысының тумасы бұған дейін де істі болған екен.