Спорт

"Канело" Джейкобсты Головкинмен салыстырып, басты айырмашылығын атады    

Мексикалық чемпион Джейкобс Головкинге қарағанда едәуір жетілген спортшы екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. WBC/WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес өзінің келесі қарсыласы IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобстың деңгейін тағы бір орта салмақ үздігі Геннадий Головкинмен салыстыра отырып бағалады, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық әлем чемпионы "Канело" мен Джейкобсты жекпе-жекке шақырды
"Канело" — Джейкобс жекпе-жегі 4 мамырда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді. Келесі аптада боксшылар үш қалаға пресс-тур жасайды.  

"Бокс тұрғысынан алғанда, Джейкобс Головкинге қарағанда едәуір жетілген спортшы. Ол шынымен де күшті әрі төрт құбыласы түгел боксшы, ол аяқ астынан едәуір күрделі қарсыласқа айналады. Сондықтан, біз оның стиліне қарай дайындалып жатырмыз. Жүз пайыз дайын болу үшін әрқашан мұқият жаттығу жасаймыз", - деді Альварес ESPN арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, мексикалық GGG-мен екі рет кездесті – 2017 жылы жекпе-жек тең аяқталды, ал бір жылдан кейінгі екінші кездесуде төрешілер жеңісті "Канелоға" берді.