АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен премьер-министр міндеттерін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының жарлығымен үкімет отставкаға кетті.
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін", - делінген жарлықта.
Ал Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Айта кетсек, бұған дейін премьер-министр қызметін Бақытжан Сағынтаев атқарды. Асқар Мамин үкімет басшысының бірінші орынбасары болған.