Мәдениет

Данэлия Төлешованың дарындылар шоуында айтқан әнінің видеосы шықты

"Жекпе-жектер" кезеңінде жас қазақстандық оң қолы жоқ жапон скрипкашысы Манами Итомен сайысқа түсті
Sputnik

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстан әншісі Данэлия Төлешова CBS телеарнасындағы The World"s Best дарындылар шоуының екінші кезеңінде жеңіске жетті.

"Жекпе-жектер" кезеңінде жас қазақстандық оң қолы жоқ екеніне қарамастан музыкалық аспапта шебер ойнайтын жапон скрипкашысы Манами Итомен сайысқа түсті.

Төлешова сахнада Деми Ловатоның Stone Cold композициясын орындады, Данэлия бұған дейін бұл әнмен "Дауыс. Балалар. Украина" байқауының әділ-қазыларын таңғалдырған еді.

Танымал актриса Данэлия Төлешоваға: Сенің әніңнен көзіме жас алдым    

"Вокаль ғажайыбы" атанған Данэлия 71, ал қарсыласы  60 балл алды.

Америкалық дарындылар шоуына Қазақстаннан екі әнші – Данэлия Төлешова мен Димаш Құдайберген қатысып жатыр.

Димаш қазыларды тағы таңғалдырып, америкалық шоудың үшінші кезеңіне өтті – видео

Айта кетейік, Димаш та америкалық шоудың үшінші кезеңіне өтті.  Екінші кезеңде ол 94 балл, ал қарсыласы болған монах қызы 39 балл жинады.