Өңірлер

Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ұрып өлтірген Шымкент тұрғыны сотталды

23 жастағы жігіт намаз оқығаны көңілінен шықпаған өгей баласын аяусыз ұрып өлтірген
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 20-ақпан - Sputnik. Шымкентте Еңбекші аудандық соты намазды дұрыс оқымағаны үшін өгей баласын ұрып өлтірген тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп xабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

23 жастағы тұрғын қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айыпты деп танылды.

Мұхамедиұлы кесенеде намаз оқитындар туристерді шошытатынын айтты
"Сот оның бұрын сотты болмағанын, тағылған айыпты толық мойындайтынын, істеген ісіне шын өкінетінін ескеріп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді қалалық соттың баспасөз xатшысы Қабыл Дүйсенбі.

Шымкент тұрғыны былтыр желтоқсан айының басында Қарабастау ауылындағы үйінде 5 жасар өгей ұлын "Құптан" намазын  дұрыс оқымағаны үшін аяусыз ұрған. Денсаулығына ауыр зиян келгеніне қарамастан тек бір күннен кейін баланы ауруxанаға жеткізеді. Алған дене жарақатынан ол қалалық балалар ауруxанасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді.