Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 ақпан

Бұл - Григориан күнтізбесіндегі 52-ші күн. Жыл соңына дейін 313 күн бар.
Sputnik

21 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

21 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Тіл – әлемдегі ұлттық құндылықты сақтаудың ең маңызды құралы. Сондықтан 2000 жылдың 21 ақпанынан бері әлемде Халықаралық ана тілі күні аталып өтеді. Бұл мереке алғаш рет 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясында тойланды. БҰҰ-ның Бас ассамблеясында 2008 жыл ресми түрде Халықаралық ана тілі жылы болып жарияланды.

Сонымен қатар 21 ақпан - Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күні. Бірақ мереке бейресми болып саналады. Оның мақсаты – экскурсия жетекшісі мамандығының маңыздылығына билік пен туристік операторлардың назарын аудару, көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, білікті мамандарды дайындауға баса мән беру. Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күні алғаш рет 1990 жылы Лондонда пайда болды. Халықаралық экскурсия жетекшілері қауымдастығының президенті Т. Лоизидес бұл мерекенің әлемдік деңгейде аталып өтуіне ықпал етті. Осы бастамаға басқа елдер де қолдау білдірген.

Сондай-ақ, бүгін Бумерангтың ұшуын бақылау атты ерекше мереке тойланады. Бумеранг – лақтыруға арналған ағаш гүрзінің (байырғы кезде қолданылған ауыр шоқпар түрі) бір түрі. Ол Ежелгі Мысырда, Оңтүстік Үндістанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда соғыс және аңшылық құралы ретінде пайдаланылған. Австралиялық жергілікті тайпалар бумерангты жиі қолданған. Бұл құрал имек пластина түрінде, асты тегіс, үсті дөңес болып жасалады. Атап өтсек, халық арасында "бумеранг қағидасы" деген түсінік бар. Бұл біреуге жақсылық жасасаң, шарапаты өзіңе келіп тиеді, ал, керісінше, жасаған қиянатың қайта айналып өзіңді табады дегенді білдіреді.

21 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1804 жылы паровоз алғаш рет сынақтан сәтті өтті;
1811 жылы ұлыбританиялық Гемфри Дэви есімді химик, хлордың қасиетін айтып, газ элементін ашқанын мәлімдеді;
1885 жылы Вашингтон қаласында АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның құрметіне ескерткіш ашылды.
1995 жылы Эстонияда тіл туралы заң қабылданды.

21 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы БКП(б) Орталық Комитетінің барлық партия ұйымына арналған "Еңбек тәртібін нығайту туралы" хаты көпшілікке жарияланды. Салдарынан жұмысқа себепсіз кешіккен азаматтар сотталатын болды, ал түрмеге қамау үйреншікті жайтқа айналды;

1969 жылы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған кеңестік N-1 зымыран тасымалдағышы жарылды. Зымыран Айға қонуы тиіс еді. Жоба бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған соң жабылды;

1992 жылы Алматыда "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының құрылтай жиналысы өтті;

2008 жылы Семейде көкөністерді кептіріп, жинайтын зауыт ашылды;

21 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1925 жылы кеңестік футболшы, жаттықтырушы Алексей Парамонов дүниеге келді. Ол – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1953), РКФСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1980), РКФСР-ның еңбек сіңірген дене шынықтыру қызметкері (1985);

1937 жылы Норвегия королі Харальд V дүниеге келді. Ол 1991 жылы әкесі Улафа V қайтыс болғаннан кейін таққа отырды;

1942 жылы театр және кино актері Вера Алентова дүниеге келді. Ол көрермендер сүйсіне тамашалайтын "Москва слезам не верит", "Ширли-мырли","И все-таки я люблю…" атты фильмдерге түсті;

1946 жылы ағылшын актері, режиссер Алан Рикман өмірге келді. Ол - "Алтын глобус", "Эмми", BAFTA жүлделерінің иегері. Актер "Поцелуй Иуды", "Крепкий орешек", "Гарри Поттер" фильмдері арқылы танымал болды;

1957 жылы ресейлік танымал "Любэ" тобының жетекшісі, әнші, Ресейдің халық әртісі Николай Расторгуев дүниеге келді;

1979 жылы АҚШ актері және әншісі Дженнифер Лав Хьюитт дүниеге келді. Ол "Сердцеедки", "Гарфилд" фильмдеріне түскен.

21 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1918 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, қолөнер шебері Ғани Иляев дүниеге келді. Оның 500-ден астам еңбегі республиканың галереялары мен көркем өнер қорларына қойылған. Қолөнер шебері 1991 жылы өмірден озды;

1984 жылы қазақстандық әнші Мақпал Исабекова дүниеге келді. Ол Super Star KZ жобасы арқылы көпшілікке танылды;

1966 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Айгүл Нұркина өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Ақылға келіп, аянбай жұмыс істеу қажет. Нәтиже көп күттірмейді. Бар күшіңізді салып, табандылық танытсаңыз, тағдырдың тамаша сыйына ие боласыз.