Видео

Астана орталығында жарылыс жасамақ болған ер адамды полиция қалай тоқтатты - видео

Ер адам Қонаев көшесінде орналасқан ғимарат алдына газ баллонын әкеліп, талаптарын айғайлап айта бастады
Sputnik

Ол мемлекеттік БАҚ редакциялары орналасқан "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында газ баллонын жарамын деп қорқытып, тілшілердің назарын аударуға тырысқан.

Астана орталығында ер адам газ бaллонын жармақшы

Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысынан келген. Осы әрекетімен 20 жыл бойы қолы жетпей жүрген жер учаскесін алу проблемасын шешпек болады.

Полиция аумақты бірден қоршап, ер адамды құрықтағанша, адамдарды ғимараттан шығармады.

Ер адам қойған талаптар мұқият тексеріледі, деді оқиға орнына келген ішкі істер министрінің кеңесшісі – ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

"Полиция қызметкерлері бүкіл қажетті қауіпсіздік шараларын орындады. Оқиғаның мән-жайы түгел анықталған соң, толық мәлімет беріледі. Әзірше ер адамның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағаланды. Анық-қанығын білу үшін оны Есіл ауданының полиция басқармасына алып кетті", - деп мәлімет берді Нұрділдә Ораз.

Қоғамдық тәртіп жарты сағатта қалпына келтірілді.