АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Қазмедиа орталығы алдында ер адам газ баллонын жармақшы, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алып, далаға шыққан тілшілерді ішіне қайта кіргізді.
Астана орталығында ер адам газ бaллонын жармақшы
© Sputnik
Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол биліктен 20 жыл бойы қол жеткізе алмаған жер учаскесін талап етіп отыр.
Полиция қызметкерлері "Қазмедиаорталық" қызметкерлерін сыртқа шығармай жатыр. Олар ғимараттың алдындағы көліктеріне алып тастау үшін далаға шықпақшы.
Астана орталығында ер адам газ бaллонын жармақшы
© Sputnik / Жания Уранкаева
Оқиға орнында 25 полиция қызметкері жұмыс істеуде.
Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз БАҚ өкілдеріне оқиға орнына шыққанын хабарлап, 10 минуттан кейін ресми жауап болатынын жеткізді.