АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қытайдың Гуандун провинциясында аспалы көпірдің құлаған сәті түсірілген видео желіде жарияланды. Төтенше оқиға кезінде адамдар көпірден өтіп бара жатқан, деп хабарлады The Sun.
Бұл көпір – Янцзян қаласының Яндун ауданындағы көрікті жерлердің бірі, су үстінде екі жарым метр биіктікте орналасқан.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, демалушылардың бірі көпірден өтіп бара жатып, секіріп, конструкцияны әрі-бері тербете бастайды, сол сәтте көпір құлап кетіпті. Алты адам арқаннан ұстап, жармасып қалған. Оларға сақтандыру белдігі тағылғандықтан, зардап шеккен жоқ.
Қытайдағы жойқын жарылыстан ондаған адам ажал құшты
Қазір көпірді белгісіз мерзімге жауып тастады, деп атап өтті БАҚ.