Қоғам

"Ешқайда қашпаймын" Жаңа ішкі істер министрі қандай уәде берді?

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып осы жылдың 12 ақпанында тағайындалған еді
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Жаңа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев БАҚ өкілдерімен дос болуға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сіздерден ешқайда қашпаймын, дос боламын. Кеңесшім бар, жұмысты бастап кеттік", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

ІІМ басшысы резонансты оқиғаларға қатысты түсініктеме беруден бас тартып, журналистерге арнап бөлек брифинг ұйымдастыратынын айтты.

Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды
"Қазір жұмыспен толық танысып, мәселелерді егжей-тегжей зерттейін. Кейін сіздерді бөлек шақырып, реформа, алдағы жоспарлар туралы барлығын айтып беремін", - деп уәде етті министр.

Айта кетсек, осы жылдың 12 ақпанында Қазақстан президентінің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған еді.

Ал Ішкі істер министрлігін сегіз жыл басқарған Қалмұханбет Қасымов Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.