Өңірлер

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім жанып жатқан үйден екі баланы алып шықты

Өрт шыққан кезде үш бала үйде ата-анасының қарауынсыз жалғыз болған
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 18 ақпан - Sputnik. Шымкенттегі Абай ауданы Құрсай шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, екі бала өртеніп кете жаздады, деп xабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шымкентте жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті – оқиға орнынан фото
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің xабарлауынша, өрт сенбі күні кешке шыққан. Үйде үш бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Түтіннің шыққанын көрген балалардың үлкені көршілеріне барып көмек сұрайды.

Өрт туралы естіген көрші әйел өрт сөндірушілерге xабарласып жатқанда, оның 13 жастағы баласы үйдің ішінде қалып қойған 5 және 3 жасар екі балаға көмектесуге жүгірген. Ол өртене бастаған үйге кіріп, қорқып қалған екі баланы сыртқа алып шығады. Артынша 60 шаршы метрлік үйді толығымен от шарпиды.

Оқиға орнына жеткен өр сөндірушілер жалынды екі сағатта сөндірген.

"Өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеуде. Өрттен зардап шеккен балалардың жағдайы қалыпты", - деп хабарлады департаменттің ресми өкілі Зарипа Абдуллақызы.