Әлем

Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті

Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедов жариялаған конкурстың жеңімпазы атанған
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Ақтөбе тұрғыны Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедов жариялаған конкурстың жеңімпазы атанды. Конкурс қорытындысы 2018 жылдың 30 желтоқсанында шығарылған. Ақтөбелік қызды арнайы Мәскеуге шақырып, чемпион өз қолымен Toyota Camry көлігінің кілтін табыстады.

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады

Хабиб Нурмагомедовтың Instagram-дағы конкурсының жеңімпазы атанғанын отандасымыз Сәуле Болатбаева жаңа жыл қарсаңында естіп, қатты қуанған екен.

Чемпион Мәскеуде сыйлықты өз қолымен ұсынады дегенді естігенде қыздың төбесі көкке жеткендей болады.

Хабиб Нурмагомедов пен Сәуле Болатбаеваның кездесуі 17 ақпанда болды. Чемпионмен түскен суретін конкурс жеңімпазы өзінің Instagram парақшасында жариялапты.

"Асыға күткен сәт", - деп жазды ол.

Сәуле Болатбаева осы постты жариялаған бойда, желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды. Бірақ бұл суреттің шынайы екеніне күмәнданғандар да табылыпты.