Елорда тынысы

Астанада үш тәуліктен бері 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Өмірхан Бақдәулет кешке үйінен шығып, сырғанақ тебуге кеткен
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Астанада сенбі күні сырғанақ тебуге кетіп, үйіне қайтып оралмаған 13 жастағы Өмірхан Бақдәулет іздестіріліп жатыр.

Әкесі 2 мың теңге берген: Астанада жоғалған жігіт бір аптадан кейін табылды

Баланың жақындары Бақдәулеттің Астана уақытымен шамамен сағат 17.30 кезінде Теміржол (40-шы станция) ауданындағы үйінен шыққандығын айтады. Жасөспірім қанық көк түсті сырт киім, сұр терісі бар қара бас киім, қара түсті етік пен сұр шалбар киген.

Өмірхан Бақдәулет 2006 жылы 9 қаңтарда туған, арықша келген, шашы қарақоңыр, қой көзді, бетінде көзге түсерлік меңдері және сол жақ бетінде тыртығы бар.

Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің ата-анасы баланы көрген-білген адамдардан 8 705 550 84 25 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Қазіргі уақытта баланы туғандары, елордалық еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Қостанайда жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Астана қаласының полиция департаменті 13 жастағы жеткіншектің жоғалып кеткенін растады. Полицейлердің хабарлауынша, Өмірхан Бақдәулеттің қазір қай жерде екендігін анықтауға бағытталған іздеу-тексеру шаралары қолға алынды.

Астанада ізім-ғайым жоғалып кеткен қыздың жағдайы белгілі болды

Елорда тынысыАстана жаңалықтарыАстанабалажоғалып кету