Қоғам

СІМ Байқоңырдан ресейлік әскерилердің кетуіне қатысты түсініктеме берді

Ресей қорғаныс министрлігі Байқоңырдан зымыран ұшыруын тоқтатады
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағынан әскерилердің кетуі зымыран ұшыру тоқтатылады дегенді білдірмейді. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі ғана, "Роскосмостың" мәліметі емес. Сондықтан тек қорғаныс министрлігі зымыран ұшыруын тоқтатады", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Тағы оқыңыз: Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды 

Айта кетсек, кеше Ресейдің қорғаныс министрлігі Байқоңыр ғарыш айлағынан биыл соңғы ғарыш аппаратын ұшыратынын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін ресейлік әскери зымырандар Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылады.