АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титул үшін жұдырықтасуды жоспарлап жүр.
"Келесі жекпе-жегімді күтіп отырмын. Егер титулдық жекпе-жек өткізсем, керемет болмақ. Мен он немесе он екі раундқа дайынмын", — деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.
Жәнібек өзінің соңғы жекпе-жегін 2 ақпанда өткізіп, америкалық боксшы Стивен Мартинесті бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Сонымен қатар, қазақстандық әзірге10 раундтық немесе 12 раундтық кездесу өткізген жоқ, соңғы екі жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген еді.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы қазіргі әлем чемпиондары – Сауль "Канело" Альварес, Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андраденің фотосуреттерін жариялап, "барлық белбеуді жинап алуға баратынын" айтып сес көрсеткен болатын.