АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik, Айгерім Таубай. Үлкеннің де, кішінің де жүрегіне әсем әнімен, әуезді үнімен, өзіне тән стилімен жол тапқан Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, әнші Толқын Забирова Sputnik тілшісіне өнер мен бүгінгі жастардың мәдениеті жайында және өзі орындайтын әндерді қалай таңдайтыны туралы айтып берді. Көптен бері көгілдір экраннан көрінбей кеткен тұлғаның қай істің басында жүргенін де сұрадық.
– Неге көрінбей кеттіңіз? Шығармашылыңызда не жаңалық?
Бір әннен соң екіншісін шығарып жататын әншілерге таңғаламын. Ән болған соң оның сапасы болуы керек, берері болуы керек. Ал соған мән бермейтін өнерде жүрген кісілер көп. Содан болар өнердің деңгейі түсіп кетті. Тек өнер адамдары ғана емес, тыңдарман да бұған себепші болып отыр. Соңғы екі әнімнің арасы 3-4 жыл. Онда тұрған түк те жоқ. Біз бір айда бірнеше ән шығарғанға үйреніп қалғанбыз. Мұндай кезде асығыстық жасамау керек. Той-томалақта айтылатын ән деп үсті-үстіне ән шығаруды құптамаймын.
– Жас әншілерге, жастарға жиі сын айтасыз ба?
– Қазіргі жастар сын көтере алмайды. ХХІ ғасырдың жастарын Кеңес одағындағылармен салыстыруға келмейді. Қазір нарықтық экономика заманы. Олар Кеңес дәуірінің идеологиясын көрген жоқ.
Мен одақ кезінде тудым, өстім, оқыдым, білім жинадым. Ол кезде әжелеріміз отырғызып ақыл айтатын. Оны тыңдайтын құлақ та, жүрек те болды. Ал қазіргі жастар өз дегенімен жүреді. Оны көшеден өтіп бара жатып та байқаймын. Топ жігіттің ортасында тұрып қыздардың боқауыз сөз айтқанын естігенде мен ұялып кетемін. Барлығы тәрбиеден. Бала үйде тәрбие көрсе, ертеңгі күні оқуында да, араласатын ортасына да, кездесетін болашақ жарына да үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Той деген жақсы. "Қазақтың тойы бітпесін" деп жүреміз барлығымыз. Алайда рухани жағынан да бай болуымыз керек. Рухымызды асқақтатып, еңсемізді көтеріп, рухани байлық беретін, патриоттық сезімді оятатын әндерді де жастар білуі керек. Мен де өз шәкірттеріме көп оқыңдар деп айтып отырамын.
– Үш жыл жаңа ән шығармағаныңызды айтып қалдыңыз. Осы аралықта тойларға шықтыңыз ба?
– Той әншісі болмасам да, тойда мен де ән айтамын. Халық тек ойнап, билейтін әндерді сұрамайды. Арасында мәдениетті, әдемі әндерді сұрайды. Тәуба деймін, мені тыңдайтын көрерменім бар. Солардың арқасында анда-санда тойда ән саламын. Көңілім толатыны, классикалық шығармаларды орындап беріңізші деп шақырады. Дәл осы әніңізді орындаңызшы деп жатады. Алайда күрделі, әйгілі классикалық шығармаларды біреу тамақ ішіп, біреу шарап ішіп отырған жерде орындаған кезде өзгеше күй кешемін. Екінші жағынан қалың жұрт жиналған жиын-тойда сол әнімді халық сұрап жатса, ол да мәдениеттің бір түрі шығар деп қабылдаймын.
– Гонорарыңыз қанша?
– Мен доллар төмен болған кезде де, орташа, шарықтап кеткен кезде де бір қалыпты бағаны айтамын. Бай болса, көп сұрап, жағдайы орташа болса, төмен баға айту деген жоқ.
– Қазіргі әншілерден кімді тыңдайсыз?
Шәкірт тәрбиелейтінім жайлы жоғарыда айтып өттім. Сол шәкірттерге бір жаңа ақпаратты беріп, білім беруім үшін менде де білім қоры болу керек. 20 жыл ән айттым, 21-жылы атағымды алдым, 15 жыл еңбек етіп, кандидаттық диссертациямды қорғадым. Оның бәрі еңбекпен келді. Сол секілді тыңдарман іздеп көретіндей әнші болуы үшін еңбек ету керек, ойы кең, білімі терең болуы тиіс.
Досхан Жолжақсынов ағамыздың фильмдері қандай еді? Қайталап көре бергің келетін. Ал бүгінгі отандық комедия жанрындағы фильмді екінші рет қарай алмаймын. Нақты есімін атап, әншілердің тізімін атамасам да ойымды жеткіздім деп санаймын.
– Димаш Құдайбергенов жайында ойыңызбен бөліссеңіз.
– Әңгімеңізге рақмет! Шығармашылық табыс тілеймін!