Әлем

Екі қасқыр қызға еркелеп, бетін жалады: таңғаларлық видео жарияланды

 Жазбада айбарлы екі қасқыр күтуші қызбен ойнап жатқаны көрінеді
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. АҚШ-тың жабайы табиғат орталықтарының бірінде түсірілген видеоны YouTube-те әлем халқы 8,8 миллион рет көрді.   

Жазбада айбарлы екі қасқыр орталық қызметкерімен ойнап жатқаны көрінеді. Олар қыздың бетін жалап, бірі оның жанына отырады, кейін еркелет дегендей шалқалай жатады.

Бұл орталық белгілі бір себептермен жабайы табиғатта өмір сүре алмайтын жануарларды асырайды екен.

Тағы оқыңыз: Канадалық аңшы ұрғашы аюды видеоға түсіремін деп, оның жемтігіне айнала жаздады  

Видео 2015 жылы жарияланған, бірақ біздің өңірде жақында ғана танымал болды.