Елорда тынысы

Әкесі 2 мың теңге берген: Астанада жоғалған жігіт бір аптадан кейін табылды

Жасөспірімді ата-анасы мен сыныптастары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы іздеді  
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Астанада бір апта бұрын жоғалып кеткен он жеті жастағы жігіт аман-есен табылды, деп хабарлады қалалық полиция депратаментінің баспасөз қызметі.

Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
 2002 жылы туған Болат К. өткен жұма күні, 8 ақпанда жоғалып кетті. Ата-анасы бала компьютерлік ойындарға әуестеніп, әрдайым компьютерлік клубтарда болатынын білмеген, алайда оның достары бұдан хабардар болған. Әсіресе ол "Евразия" сауда орталығы аумағындағы компьютерлік клубқа жиі барған.   

Баланың әкесінің айтуынша, ол жоғалатын күні басым ауырып тұр деп, ата-анасымен бірге мешітке бармай қалған. Сол күні әкесі шашыңды қидыр деп тек 2 мың теңге беріпті.  

Бала үйге келмей, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге кірмей қойғаннан кейін, ата-анасы полицияға шағымданған.

Тағы оқыңыз: Шымкентте жоғалған баланың әкесі полицияға бір жарым айдан соң арыз берген  

Жасөспірім жұма күні, 15 ақпанда, кешкі сағат алтының кезінде табылды, ол алдын ала болжанғандай, компьютерлік клубта ойнаған.  

Осы уақыт ішінде қайда түнеп, қайда жүріп-тұрғаны хабарланбады.