АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Астанада құқық қорғау органдары арнайы операция барысында есірткі тасымалдап, сатумен айналысқан бес ер адамды ұстады, деп хабарлады қаланың полиция департаменті.
Ұсталғандар арасында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы әрі басқарушысы болды: 1961 жылы туған ер адам бұрын сотталған екен.
Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдап, сатуға қатысы бар тағы төрт адамды үстаған. Заңсыз айналымнан елордалық полицейлер 1500 дозадан астам, құны 500 мың теңге наша тәркіледі.
Ұсталғандар жеті жылдан жиырма бес жылға дейін қылмыстық жазаға кесілуі мүмкін.
Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр.