Өңірлер

Астана мен еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, елорда мен үш облыста ауа райы қолайсыз болады
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Астана мен Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жариялады. Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарында жексенбіде күн бұзылады.

Астролог ақпан айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Астана мен Ақмола облысы

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 17 ақпанда Ақмола облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Бұл күні желдің екпіні  15-20 м/с-қа жеті мүмкін.

Астанада синоптиктер құбылмалы ауа райы болады деп хабарлады. 17 ақпанда қар қалың жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Жамбыл облысы

Осы жексенбіде облыста қатты жел соғады – 15-20 м/с. Келесі күні 18 ақпанда түнде желдің ұйытқуы 23-28 м/с болуы мүмкін. Атап өтсек, облыста алдағы тәулікте тұман түсіп, көктайғақ болады.

Таразда тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с.

Түркістан облысы

17 ақпанда Түркістан облысында тұман, көктайғақ, күндіз жауын-шашын мол түседі. Өңірде желдің ұйытқуы 15-30 м/с.