АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Алматы облысында сегіз қабатты үйден шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Гоголь, 75 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің өртенгені туралы хабар 13.38-те келген. Өрт сөндірушілердің бірінші жасағы оқиға орнына алты минутта жетті.
Екінші қабаттағы балконда тұрмыстық заттар тұтанып, жалын пәтерді алып кетіпті.
Бірнеше минутта - 14.01-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың басқа пәтерлерге ұласып кетуіне жол бермеді.
Құтқарушылар 50 адамды ғимараттан алып шықты, олардың сегізі - балалар.
Өртену аумағы 25 шаршы метр. Ешкім зардап шеккен жоқ.