Қоғам

Қазақстанда оқу жетістіктерін сырттай бағалау алынып тасталады

ОЖСБ қараша айында информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі және философия бойынша соңғы рет өтпек
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасын алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылады

Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

"2020 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) процедурасын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындары академиялық еркіндігінің қазіргі деңгейінде ОЖСБ-ға қажеттілік жоқ деп санаймыз",- деді Сағадиев.

Министр Сағадиев мектепте үшке оқығанын мойындады

Министр оны алып тастау үшін заңнамалық нормалар қабылдау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, биыл модератор санатын және жоғары жалақы алғысы келетін педагогикалық мамандықтардың түлектері ұлттық біліктілік тестінен өте бастайды.

"Бұл ерікті түрде, диплом алуға еш әсер етпейді. Бірақ болашақта педагогикалық мамандықтардың барлық түлегі ұлттық біліктілік тестілеуден өтеді. Мұны міндеттемес бұрын, кеңінен талқылаймыз", - деп сендірді Сағадиев.

Сонымен қатар министр былтыр "Академиялық адалдық" лигасын құру дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Енді студенттер ЖОО-да төрт жыл оқымайды

"Бұл жоғары оқу орындарының батамасы болатын. Академиялық адалдық лигасына кіретін жоғары оқу орындары жоғары білім беруде реформаларды ілгерілетудің негізі болмақ. Біз ең алдымен олардың пікіріне құлақ асамыз", - деді министр.