Өңірлер

Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды

Атмосфералық фронттардың қозғалысы салдарынан оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. "Қазгидромет" болжамына сүйенсек, алдағы күні елімізде күн жылы болады, өңірлердің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Қазгидромет ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Дегенмен елдің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды.

Жамбыл және Алматы облыстары

Жамбыл және Алматы облыстарында күннің жылынуына байланысты Алматы маңында қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін болғандықтан, ертеңнен бастап 17 ақпанға дейін ескерту жарияланды.

Қызылорда облысы

Қызыорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде ауа температурасының күрт жылынуына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп ескертті "Қазгидромет". Дабылды ескерту 14 ақпан мен 17 ақпан аралығында сақталады.

Түркістан облысы

Синоптиктердің болжауынша, өңірде жел күшейіп екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.