КӨКШЕТАУ, 13 ақпан– Sputnik. Көкшетау тұрғынын туған ұлы орманға апарып тастаған, ол үсіп өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеудің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны 16 жыл бойы ішімдік ішіп, отбасы мүшелерін, оның ішінде ұлын ұрып-соғуды әдетке айналдырған.
Осы маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші ер адамды байқап қалып, жедел жәрдем мен полиция шақырған.
Қала тұрғыны ауруханада ағзаға салқын тиюден қайтыс болды.
Кейінірек марқұмның ұлы ұсталып, тергеу барысында ол прокуратурамен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасады.
Көкшетау қалалық соты 23 жастағы жігітті адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, қауіпті жағдайда қалдырып, абайсызда өлтіріп алғаны үшін кінәлі деп тапты.
Айыпталушы бес жыл және үш айға сотталды, жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.
Марқұмның туыстары моралдық өтемақы туралы талап арыз түсірген жоқ.