Қоғам

Депутат балалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейту қажет екенін айтты  

Қазақстанда балалы отбасыларға кешенді қолдау көрсету жұмыстары басталды
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астана қаласы мәслихатының депутаты Қарақат Әбден әлеуметтік саладағы мемлекеттік қолдау шараларына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қазақстанда бүгінгі таңда балалы отбасыларды кешенді қолдау бағдарламасы бар, ол мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мен салық салу кезіндегі жеңілдіктер жүйесін қамтиды. Бірақ, жаһандық экономиканың әсерін, инфляциялық үрдістерді, урбанизацияны ескере отырып, қолда бар қолдау көлемі пысықталып, кеңейтілуі тиіс", – деп атап өтті Қарақат Әбден.

Назарбаевтың тапсырмасы: көп балалы отбасыларды қолдау күшейтіледі
Оның айтуынша, ең алдымен төлемдердің монетарлық бөлігі артуы мүмкін.

"Қазақстандық жүйе азамат өмірінің барлық кезеңдерінде бірқатар қолдау шарасын қарастыратынын мойындау керек. Төлемдер мөлшері ұлғайтылып, алу жүйесі жеңілдетіліп, бюрократиялық іркілістер жойылған жағдайда, әртүрлі өмірлік жағдайлар көзделген деп есептеуге болады. Барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі", – деді Қарақат Әдбен.

Жалпы, депутаттың пікірінше, ана мен баланы әлеуметтік қорғау шеңберінде қабылданып жатқан шаралар, тіпті қазіргі төмен мөлшерлерде де ел халқының демографиялық өсуіне оң әсерін тигізді.

"Соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 10%-ға артты", – деді ол.  

Мәслихат депутаты Қазақстанда әрбір азамат тегін медициналық көмек ала алатынын атап өтті. Осының бәрі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі деп аталады.

Ғалым Қазақстанда неліктен көп балалы отбасылар көп екенін түсіндірді