Қоғам

Астанадағы трагедия: бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алып, біреуі қызметінен босатылды

Астанадағы бес баланың қазасынан кейін жауапты шенеуніктер жазаланды
Sputnik

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өрт қауіпсіздігі және оның алдын ала жұмысын тиісінше атқармағаны, бақылау жүргізбегені үшін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсынысты президент әкімшілігіне енгізуіңізді тапсырамын", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Айтуынша, ішкі істер министрінің орынбасары президенттің өкімімен бекітілген.

Астанада тағы да бес бала тірідей өртеніп кете жаздады
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жарияланып, төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаев қызметінен босатылды.

"Барат Оспанұлы ұзақ жыл бойы Астананың төтенше жағдайлар департаментін басқарған. Соңғы кезде ғана комитетке ауысқан", - деді премьер-министр.

Бұған қоса, астаналық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін ақарушы Марғұлан Топашұлы Аманбаевқа қатаң сөгіс жарияланды. Марғұлан Аманбаев та ұзақ жылдар Астана қаласы департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.