АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігінде Ресейдің дипломатиялық қызмет күніне орай салтанатты қабылдау өтті.
Кездесуде Қазақстандағы Ресейдің төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин сөз сөйлеп, Ресей президенті Владимир Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың құттықтауын жеткізді.
Бородавкин сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік дипломаттарға сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған мерекелік құттықтауды оқып берді.
Ресейде еңбек етіп жүрген қазақстандық дипломаттар да әріптестерін ерекше құттықтады. Видеода әр адамның қолынан келетін және осы күні елдің дипломатиялық мүддесі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға сыйлауға болатын ашық хатты қалай жасауға болатыны көрсетілген.
Дипломатиялық қызметкер күні 2002 жылы Ресей президентінің жарлығымен бекітілген.
10 ақпан бекер таңдалынып алынбаған, осы күні елдегі алғашқы сыртқы саясат құрылымы - Елшілік бұйрығы құрылды.
Бүгінде Ресей 193 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, 146 елде дипломатиялық өкілдігі бар.