Спорт

Назарбаев Зарина Диясқа сыйлаған сағаттың бағасы белгілі болды

Зарина Дияс Федерация Кубогында сәтті өнер көрсетіп, мемлекет басшысынан қымбат сыйлық алды
Sputnik

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев теннисші Зарина Диясқа сыйлаған Cartie сағаты бір миллион теңгедей тұрады, деп жазады SportX.kz спорттық басылымы. 

Сағаттың (pre-owned Cartier Ronde Solo Ladies Watch WSRN0013/3939) бағасы — 1 995 фунт стерлинг, ал бұл 975 мың теңге. 

Назарбаев Зарина Диясқа сыйлаған сағаттың бағасы белгілі болды

Теннисші Зарина Дияс Федерация Кубогында сәтті өнер көрсетіп, мемлекет басшысынан қымбат сыйлық алды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев спортшының жарыстағы жетістіктерін бақылап қана қоймай, сағат тарту етті. Сыйлықтың сыртқы жағында мемлекет басшысының қолтаңбасы бар. 

Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогының плей-офф кезеңіне өтті. Отандық спортшылар Таиланд, Үндістан және Қытайдың құрамаларын басып озды.