АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Астанада бес пен он екі жас аралығындағы төрт бала көмірқышқыл газынан уланып қалды.
Сенбі күні кешкісін Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде екі қабатты жатақханадан өрт шыққан, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Он шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп кетіпті.
Астанадағы трагедиядан кейін кәсіпкер мұқтаж отбасыға пәтер алып бермек
Бастапқы деректерге сүйенсек, өртке электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болған болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаменті пультіне өрт туралы хабар 21:12-де түсіпті, тілсіз жау 22:16-да сөндірілген. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның жеке құрамынан он бес адам және төрт көлік жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер он адамды эвакуациялап, бір баланы құтқарған.
Сағынтаев өрт кезінде бес баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты
4 ақпанда Астанада Көктал-1 ауданындағы "времянкадан" өрт шығып, бес бала тірідей жанып кетті. Олар сол қаралы түні ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрттің бастапқы себебі — қауіпсіздік ережесін сақтамау.