Әлем

Қарнындағы майдан арылғысы келген әйел отадан кейін түрін көріп шошып кетті

Дәрігер әйелдің келісімінсіз мұрнына пластикалық ота жасап тастаған
Sputnik

АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. АҚШ тұрғыны дәрігерлердің өзінен сұрамай мұрнына ота жасағанын айтып берді, деп хабарлады DailyMail.

Мариэла есімді әйел 19 жасында арзан пластикалық ота жасату үшін Перу еліне барады. Ол кезде бойжеткен артық салмағынан қатты қысылып, қарнындағы майдан арылғысы келіпті.

Алматылық студент қыз ұзақ жыл киюге мәжбүр болған бетпердеден арылды

Перуге келгеннен соң ертесінде танымал дәрігерлердің біріне қаралады. Ол қызға көмектесуге келісіп, отаның жеңіл әрі еш қиындықсыз өтетінін айтып сендірген.

Келесі күні Мариэлаға ота жасапты. Қыз оянған кезде мұрнын дәкемен орап қойғанын байқайды. Дәрігер оған ринопластика жасап, мұрнының пішінін өзгертіпті. "Сізге көмегім болсын дедім", - дейді хирург жас қызға. Мариэла бұған қатты қаймығады, өйткені ол мұрнын өзгертуді ойламаған еді.

Дәкені шешіп қарағанда, мұрнының сұмдық кейіпке енгенін байқайды: тесігі қатты зақымдалып, пішіні қорқышты болып кеткен. Ол дәрігердің үстіне шағым түсіру үшін хабарласып көріп еді, еш нәтиже бермейді. Дегенмен хирург ақыры соңында ұсталып, түрмеге түскен екен.

Науқас 41 жасында ғана мұрнын қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Ол өзге адамдардың біліксіз мамандарға алданып қалмауы үшін басынан кешкен сұмдық оқиға туралы айтып беруді жөн көріпті.